Мектеп-лицей мақсаты:
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдете оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізу.
Міндеті:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын негізге ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалы білімді әрбір оқушынының меңгеруін қамтамасыз ету.
- Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдылық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттіктерін дамытуға жағдай жасау.
- Оқытуды оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету,арнаулы бағдарламалар құру,ғылыми әдеби оқулықты пайдалану, дидактикалық материалдармен оқу-әдістемелік кешен құру;
- Лицей оқушыларының денсаулығын сақтау,нығайту, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған лицей жұмысын жетілдіру;
- Әр оқушының білім деңгейін көтеруге шығармашылық қабілеті мен мүмкіндігін жүзеге асыруға негізделген диагностика жүйесін жетілдіру;
- 9,11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға,мамандық таңдауға байланысты дайындық жұмыстарының әдіс-тәсілдерді жетілдіру;
- Ғылыми-практикалық және ізденіс және жобалық жұмысты жалғастыру, оқушылардың интеллектауалдық,логикалық ойлау дамуының жаңа формаларын құру және қолданысқа енгізу;
- Дарынды оқушыларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу, қолдау жұмыстарын жүргізу арқылы «Дарынды лицейлік оқушының моделіне» сай тұлғаны қалыптастыру.
- Оқушылардың құзіреттілігін бақылау деңгейін жеке портфолио арқылы жетілдіру.









