2019-2020 оқу жылындағы оқушылар мен мұғалімдер жетістіктері

"Жастар жылы" аясында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық пікірсайыс турнирінде лицейіміздің оқушылары Бітімғали Ақниет, Махсотова Инабат (Сергек фракциясы) және Сағадат Сағнұр, Галимжанова Асель (Алаш фракциясы) белсенділік танытып үздік пікірімен ерекшеленіп марапатталды.

Лицейіміздің 7 сынып оқушысы Ахонов Талғат облыстық "Қызықты жануарлар әлемі" атты экологиялық брейн - рингке белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Есенбекова Қалампыр Батыровна.

 Аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен "Жастар жылы" аясында өткен жайдарман фестивалінде "ЛИЦЕЙ" командасы жүлделі 1 орын алды. Жетекшісі Ойшыбаев Жасұлан Русланұлы.

«Нұр Отан» партиясының Сырым ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен өткен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұстаздар арасында Абайдың өлеңдерін жатқа айтуда лицейіміздің химия пәні мұғалімі Әлемнұр Абзалқызы Алғыс хатпен марапатталды.

І.Жансүгіров,Б.Майлин,С.Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойларына орай өткізілген "Үш бәйтерек" инстаграмдағы ең үздік пост аудандық байқауына лицейіміздің 9-сынып оқушылары А.Галимжанова,С.Сағадат,А.Бітімғали жүлделі 2 орын алса, 10-сынып оқушысы Өміржанова Ақбота Алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі Тұржігітова Г.Қ.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Сырым аудандық білім беру бөлімінің мектеп-лицейінің 8-сыныптан Амандық Әзілхан 3-орын (қазақ тілі) жетекшісі: Самал Тауфикқызы, Қасымов Қуаныш 3-орын (математика) жетекшісі: Арайлым Зәкірқызы, Елеуғали Асылжан 1-орын (Қазақстан тарихы) жетекшісі Гүлдана Максимқызы, 9-сыныптан Айсиева Айару 2-орын (география) жетекшісі: Янгүл Сабырқызы, Бітімғали Ақниет 3-орын (қазақ тілі) жетекшісі: Гүлжан Қуандыққызы, 10-сыныптан Кайржан Аяжан 1-орын (Қазақстан тарихы) жетекшісі: Мұқат Қайыржанұлы, Өміржанова Ақбота 3-орын (биология) жетекшісі: Қалампыр Батырқызы, Хамитова Инабат 2-орын (орыс тілі) жетекшісі: Айнұр Камидуллиевна, Еркеғалиева Нұрайым 2-орын (математика) жетекшісі: Бижанов Мақсот Есенұлы.

Ақиық ақын атамыз Қадыр Мырза Әлінің 85 жасқа толуына орай 5 - 11 сыныптар арасында ұйымдастырылған Қадыр оқуларында "Сөздің бәрі құдіретті..." мәнерлеп оқу бөлімінде, лицейіміздің 7-сынып оқушысы Ахметқайыр Айтқали 2-орын иеленді. Жетекшісі Тұржігітова Г.Қ.

Республикалық өзін-өзі тану пән олимпиадасының аудандық кезеңінде лицейіміздің 9 сынып оқушысы Бітімғали Ақниет 2-орынды иеленсе, 10-сынып оқушысы Хамитова Инабат жүлделі 3-орынды иеленді. Жетекшісі Жұмырова З.О.

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының ұйымдастыруымен партия күніне орай ұйымдастырылған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы карикатуралар" аудандық байқауында, 18жасқа дейінгі аудан тұрғындары арасында лицейіміздің 9-сынып оқушысы Сүйінғали Мақсат 1-орынды иеленді. Жетекшісі Тұржігітова Г.Қ.

10-сынып оқушысы Қайржанова Аяжан  олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Арыстанов Мұқат Қайыржанұлы.  9-сынып оқушысы Бітімғали Ақниет облыстық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері атанды. Жетекшісі Арыстанов М.Қ.

Сондай-ақ, лицей оқушылары аудандық күрес, саз мектептерінен, шығармашылық орталық үйірмелерінің мүшелері ретінде  аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық өнер және спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алды.

"Талап қыл артық білуге..." атты жалпы пәндер онкүндігі оздырылып, лицей мұғалімдерінің ерекше шығармашылығы пен ұйымшылдығының арқасында онкүндік оқушылар үшін берері мол, есте қаларлықтай әсерлі өтті.

Елге төнген нәубет Covid-19 пандемиясы кезінде карантин жарияланып, оқушылар қашықтан оқуға көшті. Бұл кезең оқушылар үшін де, ата-аналар үшін де, мұғалімдер үшін де ерекше сын болғаны бәрімізге аян. Осы кезеңнен де сүрінбей өтіп, мінеки, лицейдің алғашқы оқу жылын аяқтап отырмыз. Оқушыларымыз онлайн ұйымдастырылған республикалық  қашықтық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болғаны ерекше қуантты. 7-сынып оқушысы Елтай Әсел математика, биология, химия, физика пәні бойынша ұйымдастырылған респбуликалық жасөспірімдер қашықтық олимпиадасынан жүлделі 3-орынға ие болса (пән мұғалімдері Габдуллина Л.К., Науризбаева Қ.Е., Есембекова Қ.Б., Зәкір А.З.), «Тарих-ата» республикалық қашықтық олимпиадасынан 2-орынға, 8-сынып оқушысы Амандық Әзілхан осы сайыстан 3-орынға ие болды. Жетекшісі Нугманова Г.Н.